QEFA HEALTH

Темекіні қалай тастауға болады

қадамдық нұсқаулық

иализ және химиотерапия клиникасының пациенттері үшін темекі шегуден бас тартудың маңызы ерекше. Темекі шегу денсаулықты нашарлатады, қалпына келтіру процестерін баяулатады және емдеу тиімділігін төмендетеді. Бұл жаман әдет сіздің аурумен күресуді едәуір қиындатуы мүмкін. Әр қадамды талдап, темекіні қалай тастауға болатынын қарастырайық,.

1-қадам

Мәселені түсіну

Темекі шегуден бас тартудың алғашқы қадамы – бұл әдет сіздің денсаулығыңызға зиян тигізетінін және емдеуге кедергі келтіретінін түсіну. Темекі шегу химиотерапия мен диализдің тиімділігін төмендететінін, жанама әсерлерді күшейтетінін және қалпына келтіру процесін баяулататынын түсіну қажет.

2-қадам

Мотивацияны табу

Темекі шегуден бас тартудың ішкі мотивациясын табу – табысқа жетудің негізгі қадамы. Сіз темекіні тастадыңыз деп елестететін болсақ:

Денсаулық: сіздің денеңіздің қалпына келе бастағанын елестетіп көріңіз. Өкпеңіз тазарып, тыныс алуыңыз жеңілдейді. Сіз күн сайын тыныс алуды қалай жеңілдететінін, қуат пен күшке қалай толы блатыныңызды сезінесіз.

Емдеудің тиімділігі: сіздің аурумен күресіңіз тиімдірек болады. Дәрі-дәрмектер жақсы жұмыс істей бастайды, жанама әсерлер азаяды. Елестетіп көріңізші, сіздің денеңіз күн сайын күшейіп, емді жақсырақ қабылтайтын болады.

Отбасымен уақыт: жақындарыңызбен бірге болу және олармен қуаныш пен қолдауды бөлісу қаншалықты жақсы екенін ойлап көріңіз. Отбасымен өткізген әрбір сәт маңыздырақ болады. Сіз олардың сүйіспеншілігі мен қамқорлығын сезінесіз және олар сіздің шешіміңізді мақтан тұтып, сізді қолдайды.

Темекісіз болашақ: тәуелділіктен арылатын болашақты елестетіп көріңіз. Сіздің балаларыңыз бен немерелеріңіз сізді мықты және дені сау деп санайды. Сіз олар үшін батылдық пен ерік-жігердің үлгісісіз.

Есіңізде болсын, темекіні тастау жаман әдеттен бас тарту ғана емес. Бұл өзіңізге және жақындарыңызға деген сый сыйпат болып есептеледі. Бұл денсаулықты жақсартуға, толыққанды өмір сүруге, Сіз жақсы көретін адамдармен бөлісе алатын бақытты сәттеріне қадам.

3-қадам

Күнді орнатыңыз

Темекі шегуден бас тарту жолын бастайтын нақты күнді анықтау. Өзіңізді осы күнге психикалық және физикалық тұрғыдан дайындау.

4-қадам

Қоршаған ортаны өзгерту

Үйдегі және жұмыстағы барлық темекілерден, оттықтардан және күл салғыштардан арылу. Темекі шегуге деген құштарлықты тудыратын орындар мен жағдайлардан аулақ болу.

5-қадам

Қолдау алыңыз

Жақындарыңыз бен достарыңызға шешіміңіз туралы айтыңыз. Олардың қолдауы сіз үшін әдетке қарсы күресте маңызды ресурс болады. Мүмкін болса, қолдау топтарына қосылып, сізге көмектесетін маман табыңыз.

6-қадам

Алмастыру терапиясын қолдану

Никотин жапсырмалары, сағыз және басқа алмастырғыштар никотинге тәуелділікті жеңуге көмектеседі. Сізге ең жақсы нұсқаны таңдау үшін дәрігермен кеңесу қажет.

7-қадам

Балама әрекеттерді табу

ізді темекі шегуге деген құлшынысыңыздан алшақтататын затпен айналысу. Мұнда бірнеше ұсыныстар бар:

Физикалық белсенділік: ашық ауада серуендеу, жеңіл физикалық белсенділік, йога немесе жүзу стрессті азайтуға және көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі. Жаттығу өзіңізді жақсы сезінуге және темекі шегу туралы ойдан алшақтатуға көмектесетін эндорфиндердің пайда болуына ықпал етеді.

Хобби: жаңа хобби табу немесе ескісін жалғастыру. Қолөнер, сурет салу, аспапта ойнау, көгалдандыру – мұның бәрі сіздің уақытыңыз бен ақыл-ойыңызды темекі шегуге деген ойдан алшақтатуы мүмкін.

Кітап оқу және білім алу: жақсы кітап оқу, жаңа тілді үйрену немесе онлайн курстардан өту ақыл-ойды бос қалдыруға және темекі шегу туралы ойлардан арылуға көмектеседі.

Әлеуметтік беленділік: достарыңызбен кездесу, қоғамдық іс-шараларға қатысу немесе еріктілік салалары сіздің қажет екеніңізді сезінуге көмектеседі.

Медитация және релаксация: медитация, терең тыныс алу немесе босаңсытатын музыка тыңдау күйзелісті жеңуге және темекі шегуге деген құштарлықты азайтуға көмектеседі.

Бұл балама әрекеттер жұмыс істейді, өйткені олар сіздің назарыңыз бен уақытыңызды алып, темекі шегуге деген ойдан алшақтатады. Олар сондай-ақ өмірдің басқа аспектілерінен қуаныш пен қанағат табуға көмектеседі, бұл темекіге психологиялық тәуелділікті біртіндеп азайтады.

8-қадам

Күйзелістен аулақ болу

Күйзеліс темекі шегуге деген ұмтылысты тудыруы мүмкін. Онымен күресудің жолдарын табу: медитация, терең тыныс алу, йога немесе достарыңызбен сөйлесу.

9-қадам

Прогресті бақылау

Жетістіктер мен қиындықтарды жазу үшін күнделік жүргізу. Бұл сіздің алдыға қарай қаншалықты жылжығанызды көруге және әрі қарай не істеу керектігін түсінуге көмектеседі.

 10-қадам

Бас тарпау

Темекі шегуден бас тарту жолы қиын болса да, берілмеңіз. Егер әдетіңізге оралсаңыз, көңіліңізді түсірмей, қайтадан бастап көріңіз. Әр қадам – жеңіс.

Жақын адамыңызға темекіні тастауға қалай көмектесуге болады

Егер сіздің жақын адамыңыз темекіні тастағысы келсе, оған қолдау көрсетіңіз:

  • Шыдамдылық пен түсіністік таныту.

  • Айыптамау және сынамау.

  • Темекі шегуді тудыратын жағдайлардан аулақ болуға көмектесу.

  • Балама әрекеттер мен белсенділікті ұсыну.

  • Оны әрбір кішкентай жетістігі үшін жігерленду.

  • Өзіңіз үшін және жақындарыңыз үшін дені сау болу қаншалықты маңызды екенін еске түсіру.

Темекі шегуден бас тарту – қалпына келтіру жолындағы маңызды қадам. Осы қадамдарды орындау және жақындарыңыздан қолдау алу арқылы сіз осы жаман әдетті жеңе аласыз және өмір сүру сапасын жақсарта аласыз. Сіздің денсаулығыңыз бен әл-ауқатыңыз сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз!

Бізге жазыңыз

Задать вопрос