«QEFA HEALTH» компаниясы – жас, бірақ өршіл холдинг. Біздің басты басымдығымыз – адамдарға қамқорлық жасау. Бұл жерде біз тек пациенттерді ғана емес, компания қызметкерлерін де меңзеп тұрмыз. Біз денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық стандарттарына және әділет мәдениетінің басымдықтарына сәйкес жұмыс істейтін клиникалардың тұрақты сенімді және озық желісін құруға мүдделіміз.
Бізде лайықты жалақы, айыптау мәдениетінің жоқтығы, білікті мамандар мен тәжірибелі тәлімгерлердің ұжымы, мансаптық және кәсіби өсу, тұрақты оқыту және даму мүмкіндіктері бар.
Сізде – жаңа технологиялар, заманауи жабдықтар бойынша жұмыс істеуді үйренуге, әділетті мәдениеттегі жұмыс принциптерін түсінуге деген ұмтылыс пен қабілет. Ең бастысы – пациенттің игілігі үшін жұмыс істеуге, оның мүдделерін бәрінен бұрын құрметтеуге деген ұмтылыс.