QEFA HEALTH

Біздің амбулаториялық орталықтар желісінің сайтына қош келдіңіздер!

Бізге жүгініп, шешім қабылдағаныңызға қуаныштымыз және сізге көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз. Әр адамның өмірінде дәрігермен кеңесу, клиникаға бару туралы кері байланыс немесе көрсетілген қызметтердің сапасына наразылық білдіру қажеттілігі туындауы мүмкін. Бізбен қарым-қатынасыңызды барынша ыңғайлы ету үшін біз арнайы өтініш беру нысанын әзірледік.

Сіз аталған үлгіні кез келген сұрақтар, пікірлер немесе шағымдар үшін пайдалана аласыз:

  1. Егер сізде сұрақ туындаған жағдайды, біз оған қуана жауап береміз. Жауап сайтта жарияланады немесе егер сіз жеке сөйлескіңіз келсе, біз көрсетілген байланыс деректері бойынша хабарласатын боламыз. Сондықтан сізге қажетті ақпаратты ұсыну үшін аты-жөніңізді және телефон нөміріңізді қалдыруыңызды сұраймыз.
  2. Егер сіз пікір қалдырғыңыз келсе, сіздің кері байланысыңыз біз үшін өте маңызды. Сіздің пікірлеріңіз бізге қызмет көрсету сапасын жақсартуға көмектеседі.
  3. Егер сіз шағым қалдырғыңыз келсе, заңға сәйкес анонимді шағымдарды қарау мүмкін емес екенін білу маңызды*. Сіздің өтінішіңіз қабылданып, қаралуы үшін байланыс деректеріңізді көрсетуіңіз қажет. Сіздің өтінішіңіздің мұқият зерттелетініне кепілдік береміз және  өтінішіңізге заңды мерзімде жауап аласыз*.

Өтініш нысаны:

Білу маңызды!  

* Анонимді шағымдар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-V  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес қаралуға жатпайды. Егер Сіздің өтінішіңізде шағым болса, байланыс мәліметтеріңізді көрсетуіңізді сұраймыз. 

* Бұл Сіздің шағымыңызды белгіленген мерзімде — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-212/2020 бұйрығына сәйкес 15 жұмыс күні ішінде қарауға мүмкіндік береді.

Сіздің пікіріңіз бен сұрақтарыңыз біз үшін өте маңызды және біз сізге көмектесу үшін бар күшімізді саламыз!

Бізге жазыңыз

Задать вопрос